Мәскеуде ашылған флагмандық бутик!

Локация: Мәскеу, «Атриум» СО
Ауданы: 183 м2
4 интерактивті аймақ
«АЛИДИ Продвижение» электрлік темекі қыздыру жүйелерінің жетекші өндірушілерінің бірімен ынтымақтасуда. Ресей мен Қазақстанда бірлесіп 250 фирмалық сауда нүктесі іске қосылған.
«Атриум» сауда орталығындағы флагмандық бутик осы құрылғыларды сатудағы ең жоғары нәтижелерді көрсетеді. Оған кірген кезде келуші ерекше бір кеңістікке енеді, онда өнімнің барлық ассортиментін көруге болады, құрылғыларды тазарту, диагностика жасау және БЖ жаңарту бойынша қолжетімді қызметтерді пайдалануға болады.

Тәжірибелі қызметкерлер арнайы experience- аймақтарда жұмыс істейді және жаңадан бастап жатқандарға немесе тәжірибелі пайдаланушыларға құрылғыларға қатысты көптеген қызықты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Бұл жерде клиент темекіні өңдеу процесін, құрылғының құрылымын көре алады, ең бастысы ― қыздыру технологиясының артықшылықтары туралы біле алады. Аймақты активациялау үшін кілтті тұтқыш түріндегі арнайы слотқа салу керек.
«Негізіндегі технология» интерактивті аймағы
Осыдан кейін алдыңғы панельдегі әйнек мөлдір болады да, темекінің барлық үлгілерін және стик құрылымын көрсететін суретті ашады.

Осымен ғажап бітпейді: стендпен жұмыс істеуді жалғастыру үшін жұдырық түйіп, сол күйі арнайы қуысқа салу керек.
Ішінде контроллер болады, ол кеңістікте қолдың күйін анықтап, оның қозғалысын талдайды. Қолмен сезуге болатын қыздырудың жанасу әсері шарықтау шегіне айналады.
Іс жүзінде, бұл жану мен қыздыру арасындағы айырмашылықты өз бетінше зерттеуге арналған әдеттегі ғылыми аймаққа балама.
Негізгі тапсырма: әдеттегі темекі өнімдерін пайдалануды жалғастырумен салыстырғанда қыздыру құрылғыларын пайдаланудың артықшылықтарын қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіру.
Клиенттер шайырлардың болмауына және CО деңгейінің төмендеуіне байланысты артықшылықтар туралы біледі.
Бұл аймақтағы бірегей өзара әрекеттесу толығымен пайдаланушылардың тыныс алуына негізделген.

«Ғылым» интерактивті аймағы

Пайдаланушыларға құрылғы мен аксессуарлардың (панельдің өзі мен қақпағы) аса қолайлы түс гаммасын таңдауға мүмкіндік береді, бұл процесті дербестендіреді.
Бұл қалай жұмыс істейді:
  • сканер клиенттің сыртқы түрін таниды да, оның жеке түстер палитрасын киімнің түсіне қарай анықтайды;
  • бағдарлама дайын комбинацияларды таңдайды немесе пайдаланушыға қолда бар ассортименттен дербес таңдау жасау ұсынылады.

«Дербестендіру» интерактивті аймағы

Бұл жерде келуші ыңғайлы диванға отырып, шай немесе кофе ішіп рахаттанып, сондай-ақ, барлық құрылғылар мен аксуссуарлар туралы біліп, презентацияны көре алады, ол уақытта кеңесші қызығушылық тудырған барлық сұраққа жауап береді.

Оған қоса, ағзадағы иісті газ (СО) деңгейін өлшей алады.
Иісті газ – сигаретте темекіні тұтатқан кезде туындайтын жанудың аса қауіпті өнімдерінің бірі. СО-талдағыш арнайы қолданба арқылы жұмыс істейді. Клиент терең тыныс алып, шамамен 15 секундтай демін ұстап тұрады, содан кейін талдағыш түтігі арқылы дем шығару қажет, сол кезде қолданба өлшеу нәтижесін көрсетеді.

Осы интерактивті бутиктегі әрбір аймақ белгілі бір мақсаттарды көздейді, ақыр соңында бір мақсатқа жетеді – әрбір клиент ұсынылған өнімдер туралы кез келген сұраққа жауап алып, қайтадан оралғысы келетін болады.

Презентация аймағы